« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жуырда Шиелі ауданы Н.Бекежанов ауылында орналасқан «Нартай өнер мұражайында» елдің қадірлісіне айналған, Әлшекей мұрасының шырақшысы атанған, күйші өнерінің ардагері Тынысбек Дүйсебековтің жастармен кездесуі өтті. Жиынды Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. Келелі кездесудің негізгі мақсаты жастарға дәстүрлі өнер мен ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.
Қос ішекті қара домбыраны жас кезінен серік еткен Тынысбек аға өскелең ұрпаққа өсиет-әңгімелерін, өнер жолына қалай келгендігін және қасиетті домбыраның киесі болатындығын айтты. Сонымен бірге, өзінің ұстазына айналған Әлшекей күйші туралы тың ақпараттар берді. Көпшіліктің сұрауы бойынша қонақкәде ретінде Әлшекейдің күйлерін және өзінің шығармашылығынан «Өрлеу» атты туындысын нақышына келтіріп орындады. Жастарымыздың үлгі аларлық кездесуіне, ауданның қадірменті ақсақалының бірі Қалдыбай Сүгірбаев пен айтыскер ақын ағамыз Мұханбетқали Тұрсанов та келіп қатысып, өнегелі өмір жолдарынан сыр шертті.
Кездесу соңында қонақтарға сый-құрмет көрсетіліп, Тынысбек ағаның иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылды. Сондай-ақ, салиқалы ұлттың саналы ұрпақтары қол жайып бата сұрады.
Елдің бетке ұстар тұлғасы болған аталарымызбен кездесу жеткіншектерге мәңгілік мұра болады деген ниеттеміз. Нағыз қазақтың домбыра екенін ұғындырған осы сипаттағы кездесулер болашақта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
Н. Назымханұлы,
Шиелі ауданы
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |