Жемқорлықпен күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлықты – әлеуметтік-эконо­­­микалық даму үдерісін, нарықтық эконо­миканың құрылуын, инвестициялар тарту про­цесін тежейтін фактор ретінде қарастыруға болады. Сондай-ақ, демократиялық мемлекеттің сая­си және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіретін құбылыс.

Қазақстанның мемлекеттік саясатының не­гіз­гі басымдықтарының бірі сыбайлас жем­қор­­лық­пен күрес болып табылады.

Осы бағытта 2014 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 986 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас же­м­қор­­лыққа қарсы стратегиясы» және 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

Осы стратегияны жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жыл­дарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі эко­но­микаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жос­пары бекітілді. Іс шара жоспары сыбайлас жем­қор­лықты болдырмау және алдын алдын алу бағытында орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар  орындауға тиісті жүйеленген 129 тармақты қамтиды.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бағытында «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль ­жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі тиісті жұ­мыс­­тарды атқарып келеді.

Басқарма басшысының 2017 жылғы 16 қаң­тардағы бұйрығымен «Қызылорда облы­сы­ның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген. Осы іс-шара жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар басқармада ­сыбайлас жем­­­­­­қор­­лықтың алдын алу және болдырмау үшін 2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарындағы мемлекеттік сатып алу жұмыс­тарының барлығы «Қызылорда об­лысы­ның мем­лекеттік сатып алу басқармасы» мем­лекет­тік мекемесіне ұйымдастыруға берілген.

Сондай-ақ, басқармада сыбайлас жем­қор­лық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Талдауға байланысты бас­қарманың автомобиль жолдары, сондай-ақ жолаушылар көлігі және көлік инфра­құры­лымы бөлімдері жиі сыбайлас жемқорлық тәуе­келдеріне ұшырайды. Осы бөлімдердің қыз­мет­керлеріне үнемі сыбайлас жемқорлықты болдырмау және күресу жолдары түсіндіріліп отырады.

Басқарма басшысы және басқарма бас­шы­сының орынбасарлары жол және жолаушылар тасымалы саласы бойынша аудандарға шығу арқылы тұрғындарды жеке қабылдау өткізіп отырады. Тұрғындардың қойған сұрақтары мен өтініштеріне заң шеңберінде тиісті жауаптар қайтарылып, көтерілген мәселелер басқарманың құзыреті шеңберінде шешімін табуда.

Қорыта келе, сыбайлас жемқорлықпен кү­рес­ті Қазақстан Республикасының әр аза­маты өзінен бастауы керек. Сыбайлас жемқорлықты жағымсыз әрекет екенін іштей терең сезініп, оған қарсы мықты иммунитет қалыптастыру тиіс. Сонда ғана біздің қоғамымыз өсіп өр­кен­деп, өркениетті елдердің қатарына қосы­латыны сөзсіз. 


«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 шілде 2017 г. 432 0