Головкин стилін өзгертті

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жекті жарнамалау үшін 1930 жылдардың стилінде киініп, бейнероликке түсті, деп хабарлайды Los Angeles Times шолушысы Лэнс Пагмайер.
«Олар ойлағанын іске асырды», - деп жазды журналист Twitter желісіндегі парақшасында. Алайда жарнама ролигі қашан шығатынын айтқан жоқ.
Түсірілген суреттерден Головкиннің көрермен алдына жаңа стильде, яғни ретро-образдағы «Гангстер» немесе «көше баласы» болып шықпақ.

Дереккөз: kaz.vesti.kz

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 шілде 2017 г. 471 0