Ақсуат ауылында халықаралық ақындар айтысы өтеді - ШҚО

29 шілде күні Шығыс Қазақстан  облысының Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат ауылында "Туған жерге туыңды тік" халықаралық ақындар айтысы өтеді.
Жыр додасына Ринат Зайытов, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртайұлы, Қалижан Білдәшов, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Әсем Ереже, Мақсат Аханов, Шұғайып Сезімхан Төлеген Жамановтармен бірге Қытайдан Жарқынбек Бердібекұлы, Моңғолиядан Ерлан Дәулетұлы қатысады.
Айта кетерлігі, халықаралық айтыс аясында Тастекеевтер әулетінің толықтай қаржыландыруымен Тарбағатай ауданының Екпін ауылында жаңадан салынған заманауи стандартқа сай  футбол алаңы мен ауылдың шалғай бөлігін орта мектеппен жалғастыратын 2 шақырымдық асфальт жол пайдалануға берілмек.Дереккөз: inform.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 шілде 2017 г. 674 0