« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жазғы сауықтыру, шынықтыру шаралары №5 аймақ әдістемелік жұмыс-ының жоспары бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде орналасқан №2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жазғы сауықтыру , шынықтыру жұмыстарының түрлері «Спорт біздің досымыз» атты тақырыбында ұйымдастырылған қалалық семинар өткізілді. Шараға қаладағы «Бүлдішін», №32«Қызғалдақ», «Әл-Сабыр» , «Ақтайлағым», №4 «Қуаныш» және т.б балабақшасының мамандары тәжірбие алмасу барысында қатысты. Обылыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан Маханбетова Зәуреш Наурызбайқызы шарамызға қатысып, өзінің жақсы тілектерін айтты. «Жазғы сауықтыру шынықтыру жүмыстарының дәстүрден тыс әдіс тәсілдері» бойынша балабақша педагогтары материал қалдықтарынан, өз қиялдарынан туындаған шығармашылық көрмесімен таныстырылды. «Спорт біздің досымыз» тақырыбында «Болашақ» ересектер тобының бүлдіршіндері сұлтаншамен, доппен, лентамен, шығыршықпен, гимнастикалық жаттығулар арқылы спорттық шоу билері орындалды.
Қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлім әдіскері Хаби Мадина Асылбекқызы өз білдіріп, семинарды ашып берді. Балабақша меңгерушісі Мөлдір Балғабайқызы салауатты өмір салтын қалыптастырып, егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз. Сондықтан жаңаша дәстүрден тыс әдіс тісілдерді көрсете отырып, өсіп келе жатқан балаларымызды кративтік көзқараспен білімді, дені сау ұрпақ тәбиелеуге атсалыуымызды атап өтті.Балабақша педагог- психолог Абдікамал Мөлдір әрітестеріне дұрыс бағыт бағдар беріп,семинарды жақсы ұйымдастырып,өткізуіне үлкен үлесін қосты. Өз білгенін әріптестерінен аямады. Тосын сыйда болды, тәрбиеші Манасова Айгүл топ бүлдіршіндерімен таза ауада серуендеп, ауа райын бақылады. Ал тәрбиеші Жакеева Рыскүл балалармен құмзар қалашығында майтабандылықтың алдын алу барысында, әртүрлі кедергілерден жүріп, емдік гимнастикалық жаттығулар жасап көрсетті.Балабақша медбикесі балалар денесінің өсіп жетілуін қадағалап, әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын –алу шараларын өткізеді. Түрлі емдік шөптерден, фито шәй дайындап балаларға бергізеді. Денсаулықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады және майтабандылық жаттығулардың маңызы өте зор екенін атап айтты. «Балапан» І кіші тобының тәрбиешісі Жүнайтова Индира топ бүлдіршіндерімен үрлеу әдісін қолданып, көбелектерді үрлеп, бассейнен қармақпен балық аулады. Балалар қызыға ойнады.Ортаңғы топ тәрбиешісі Қарамолдаева Айжан ата-аналар арасында ұйымдастырылған «Біз мейірімді отбасы» тақырыбында отбасылық «Толағай» сайысын өткізді, сайыс бірнеше турдан тұрды,сайысқа Махмутовтар және Әбілқасымовтар отбасымен қатысып, өз ептіліктерімен шапшаңдықтарымен көзге түсіп, Махмудовтар отбасы І орынға , ал Әбілқасымовтар ІІ орынға ие болды. Сайысқа қатысушы отбасылар Дипломен марапатталып,балалары сыйлықтар алып, олжалы болды.
Сайыс өте қызықты өтті. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты тақырбында ересек топтың балалары ІІ топқа бөлініп сайыс өткізді, сайысты топ тәрбиешісі Жантаева Айгүл жүргізді.сайыс өз мәресінде өтіп, балаларда жүлделерге ие болып, дипломмен марапатталып, Медалдарға ие болды. «Еркемай» ІІ кіші тобының тәрбиешісі Есекеева Камшат балалармен «Джунглидегі маймыл Йога» ертегі желісімен Хатка Йога жаттығуын орындады. Йога жаттығуы балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасуына тигізер пайдасы мол.Балабақшамызда барлық топтың балалары қалыс қалмай қамтылды. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан Маханбетова Зәуреш Наурызбайқызы жылы лебізін білдіріп, болашақта біздің орталықпен бірлесіп жұмыс жасауына шақырды, семинар барысында бірнеше тәрбиешілерді Алғыс хатпен марапаттады.
Қорыта келгенде шара соңында Семинарға қатысқан №5 аймақ педагогтары іс тәжірибе алмасып, өз ұсыныс- пікірлерін айтты.Семинар өз денгейінде өткізіліп, өте жақсы денгейде өткенін аттап айтты.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |