1 қыркүйекте қазақстандықтар демалады

Биыл 1 қыркүйекте қазақстандықтар демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
Құрбан айт мейрамының бірінші күні 2017 жылы 1 қыркүйекке түседі. 30 тамызда ел тұрғындары Конституция күніне байланысты демалады, бұл сәрсенбі. Ал 31 тамыз - жұмыс күні.  Кейін қазақстандықтар 1 қыркүйекте демалады. Күздің бірінші күнінде Құрбан айт мейрамы болады. Ал 2 және 3 қыркүйек сенбі мен жексенбіге келіп тұр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 шілде 2017 г. 433 0