| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
АҚШ президенті Дональд Трамп ел президенттігіне кіріскен бес жарым ай ішінде Америка тарихындағы кез келген басқа көшбасшыларға қарағанда, әлдеқайда көп жұмыс атқарғанын мәлім етті. Ол бұл пікірін Reuters-ке берген сұхбатында білдірді, деп хабарлады Росбалт.
«Бес айда АҚШ тарихындағы кез келген дерлік президентке қарағанда, көп нәрсеге қол жеткіздім», - деді ол.
«Ирак пен Сирияға қарайтын болсаңыздар, «Ислам мемлекетімен» күресте қол жеткізілген ілгерілеуді көре саласыздар, бұл толық дерлік жетістік деуге болады», - деді Трамп.
Сондай-ақ президент қазір Ақ үйдегі көңіл-күй ерекше керемет екенін хабарлады. Өзінің еңбегінің жемісіне сондай-ақ, америкалық қор биржасы көрсеткіштерінің өсуін, соңғы 16 жылда АҚШ-та жұмыспен қамту мәліметтерінің жақсаруын қосып отыр.
«Демократтар айтып жатқан бос сөздерге қарамастан, Ақ үйдің де жұмысы алға басуда», - деді ол.
Трамп АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, 20 қаңтарда мемлекет басшысы лауазымына кіріскен болатын.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |