| « Ақпан 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | ||||||
| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
| 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | |
Қазақстандық арулардың мәһрге не сұрайтыны белгілі болды. Желіде неке қияр сәтте мәһр сыйлықтарын тізімдейтін жазба кітабының суреті тарап кетті, деп хабарлайды NUR.KZ.
Мәһр ретінде аталған сыйлықтар сан алуан: алтын алқа, алтын білезік, гауһар тасты сырға, құндыз тон, жер үй, Астанада орналасқан үй деп нақтылаған қыздар да бар. Мәһр - жігіттің қалыңдықтың өзіне ғана арнап беретін сыйлығы. Яғни, некелесу барысында немесе қалыңдыққа кейін берілетін дүние-мүлік немесе ақша.
Алла Тағала бұл турасында: «Үйленетін әйелдеріңе мәһрлерін (қалыңдық сыйын) шын көңілден тарту етіңдер. Егер олар өз ризашылығымен сол мәһрдің бір бөлігін өздеріңе қалдырса, сендер үшін таза һәм адал. Игіліктеріңе жаратып, қызығын көріңдер», – деген («Ниса» сүресі, 4-аят). Мәһрді қыз бала жеке өзі пайдаланады, деп жазады Ihsan.kz сайты.
Сый болғандықтан мәһрдің мөлшері белгіленбеген. Мәһр туралы Құранда айтылып кеткендіктен, оны орындау ер азаматқа міндет.
| « Ақпан 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | ||||||
| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
| 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | |