« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аумағында балалар ата-аналарынан жиі адасып қалады. Бұл туралы бүгін көрменің 1 айлық жұмысын қорытындылаған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Қауіпсіздік департаментінің директоры Рүстем Шәкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің қызметіміздің негізгі нәтижесі - қандай да бір өрескел құқық бұзушылықтың орын алмауы болып саналады. Көрме ашылған сәттен бастап құқық қорғау қызметкерлері күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп келе жатқандығын атап өткім келеді. Тәулік бойы құқық қорғау және Қорғаныс министрлігінің, жеке күзет қызметтерінің 2 мыңнан астам қызметкері кезекшілікке шығады. Жалпы шамамен 670 түрлі оқиға тіркелді. Оның 13-і құқық бұзушылық саналады. Аталған оқиғаларға сараптама жасайтын болсақ, оның 90 проценті ана-аналардың балаларын жоғалтып алуы», - деді департамент басшысы.
Оның айтуынша, мұндай жайтқа көрме аумағындағы көптеген қызықты экспонаттар себеп болуда.
«Балалар оларға алаңдап қалады. Дегенмен, бүгінгі мүмкіншілікті пайдалана отырып, ата-аналарды балаларына барынша мұқият қарауға әрі адасып қалмауға шақырамыз», - деді ол.
Шәкенов таяуда шетелдік отбасының ЭКСПО аумағында балаларынан адасып қалғандықтарын айтты.
«Мұндай жайт болды. Шетелдік жұп көрме аумағына балалар қалдырып кетіпті. Олар тұрып жатқан жерлеріне бара жатқанда балаларын қалдырып кеткендіктері есіне түсіпті. Балалары дін аман қайтарылды», - деді департамент басшысы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |