ЭКСПО-ға миллионыншы болып билет алған азамат көрмені тамашалады

«Астана-ЭКСПО» халықаралық көрмесіне миллионыншы болып билет сатып алған азамат көрмені тамашалап қайтты.
Бұл туралы elorda.info хабарлады.
Көрме билетін Қайрат Мамаев сәуір айында сатып алыпты. Ол Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде технология және инновациялар ісі бойынша проректор қызметін атқарады.
«Мен ЭКСПО-да ғылымдағы жаңа тенденциялар мен инновациялармен таныстым. «Нұр әлем» аймағы мен шет мемлекеттердің павильондарын көрдім. Ал басшылық мені миллионыншы билет иегері ретінде Астанаға шақыртып, құнды сыйлықтар табыстады», – дейді Қайрат Мамаев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2017 г. 386 0