Аймақ азаматтарын Солтүстік Қазақстан облысы жұмысқа шақырады, деп хабарлайды "Кызылорда ньюс" интернет газеті Қызылорда қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 17-00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтетін «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде» Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып, жұмысқа орналасуға ниет білдірген қызылордалықтарға түрлі жұмыс ұсынылады. Солтүстікке барып, жұмыс істеймін деген азаматтардың қатысуын сұраймыз.