АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ШАРА

 

Қазалыда «Жастар ресурстық орталығы» КММ және "Достар алаңы" еріктілер клубының ұйымдастыруымен "OPEN AIR ашық аспан астындағы шоу-концерт өтті. Ерікті жастар үйірмелерінің жұмысын жандандыру, талантты жастарға қолдау көрсетуді мақсат еткен шараға қатысушылар қатары көп болды.
Концерттік бағдарламада жастар өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің аға кеңесшісі Рахметулла Әбен  аудан жастарын өткен Астана мерекесімен құттықтап, жас өрендерге табыс тіледі.
Өнерімен өрге озғандарды дипломдармен марапаттады.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2017 г. 467 0