« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Астана күні – республикамызда тұңғыш рет мемлекеттік мереке ретінде 2009 жылы тойланған болатын. Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мерекелер туралы» Заңға толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы мақұлданып, сол күннен бастап «Астана күні» жаңа мемлекеттік мереке болып мерекелік күнтізбеге енгізілді.
Осындай айтулы күнді ресми түрде атап өту Ішкі істер департаментінде игі дәстүрге айналды. Қызылордалық полицейлер бұл жолы да өздерінің қалыптасқан әдеттерінен таңбай, 05 шілде күні департаменттің үлкен мәжіліс залында бас қосып, мерекелік көңіл-күймен атап өтті.
Шара барысында облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Қ.Мұхитов сөз алып, аталмыш мерекенің еліміздің тарихында алар орны зор екендігін атап өтіп, ішкі істер органдары ардагерлерін, қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, шарада марапаттау жайлы бұйрық ресми түрде оқылып, департамент бастығының құзырымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен 37 полиция қызметкері марапатталды. Атап айтқанда, ОІІД-нің Кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы полиция майоры Ізтілеуов Арман Әбілжанұлы, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Базарбаев Бағлан Сейтқасымұлы ОІІД-нің «Құрмет грамотасына» ие болды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Шара соңында полиция қызметкерлерінің назарына «Астана күні» мерекесіне арнайы түсірілген Астананың құрылуы мен бой көтеруінен сыр шертетін хроникалық деректі фильм ұсынылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |