Денсаулық сақтау министрі саладағы негізгі кемшіліктерді атады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов азаматтардың шағымдары бойынша саладағы негізгі кемшіліктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы медициналық қызметтер саласында сапаны қадағалау бойынша министрлік пен аумақтық департаменттерге өтініштер саны арта түскен. Жалпы, өткен жылы осындай өтініштер 25 пайызға өскен.

«Орташа алғанда, министрліктің блогына, сайтына, кеңсесіне күніне 80-ге жуық өтінім келіп түседі. Біз олардың құрылымына талдау жасадық. Бүгінде жиі кездесетін шағымдар бірінші кезекте медициналық көмекті ұйымдастыру мен медициналық қызметтердің төмен сапасына қатысты болып отыр. Екінші себеп дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін қамтуда, ал үшіншісі біліктілік және медициналық қызметкерлермен коммуникация проблемаларына байланысты»,-деді министр.

Осы орайда Біртанов бүгінде кемшіліктерді жою бағытында жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.

«Сондықтан да негізгі шаралар жергілікті жерлерде проблеманы шешуге бағытталған. Бүгінде барлық медициналық ұйымдарда ішкі аудит қызметтері мен Call Center құрылуда»,-деп нақтылады ведомство басшысы.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 шілде 2017 г. 614 0