Астанада алып киіз үй салынып жатыр

 

Аталған нысан «Astana Art Fest» xалықаралық өнер фестивалі аясында салынуда. Ол жерде жерге жатып, төбеден фильм көруге болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алып киіз үйдің іргесі поддондардан көтеріліп жатыр. Құрылыста ондай поддондармен кірпіштерді түйіп, жоғарғы қабаттарға жеткізеді. Ал «Astana Art Fest» фестивалінің қатысушылары құрылыс саласының осы бір материалын кәдеге жаратып, проекциялық кинотеатрды құрастырып шығуға бел буды.

Жоспар бойынша, алып киіз үйдің төбесі жабылғаннан кейін төбеге үлкен проекциялық экран орнатылады. Ал павильонның ішіне кірген адамдар жерге жатып, фильм көре алады.

«Конструкцияның жалпы салмағы 40 тоннадан асады. Оған шамамен 1700 поддон кетеді. Негізі, 6 шілдеге дейін бітіру керек. Қазір біз қаңқасын көтереміз де, артымыздан басқа бір компания келіп, теxникалық құрал-жабдықтарды орнатады. Астана күніне дейін үлгеретін шығар», - дейді құрылысшылар.

Айта кетейік, жаңа нысан «Нұрлы жол» бульвары бойымен «Керуен» ойын-сауық сауда кешенінің жанында салынып жатыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 шілде 2017 г. 551 0