Қазақстанның Еңбек Ері атанған дәрігер Қызылордаға келді

Қазақстанның Еңбек Ері атанған дәрігер Қызылордаға келді  Қазақстанның Еңбек Ері, жерлесіміз, әріптесіміз Юрий Владимирович Пя Қызылордаға келді. Оны әуежайдан жаңа ғана облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Сәденұлы Нұртаев, Облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков және бір топ журналистер күтіп алды. 
  Ол жеңіл ғана кейінген және ешқандай қол жүгін алмапты. Осы сәтті байқаған журналистер «неге қол жүгінсіз келдіңіз» деген сұрақты беріп үлгерді. Ол ісі бұл сауалға «Мен үйге келе жатырмын ғой, сондықтанда маған қол жүгінің қажеті қанша» деп жауап берді.
  Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Юрий Пя  алдағы екі күнде Байқоңыр қаласында, Қармақшы ауданының Ақай, Төретам, ІІІ Интернационал ауылдарында тұрғындармен жүздеседі. Ал жексенбі күні облыстық медицина орталығында болып, науқастарға кеңес жасап, облыс хирургтарымен тәжірибе алмасады. Қалалық аурухана базасында ашылғалы жатырған нейроинсультті орталық  жұмысымен танысып, облыс хирургтарына лдәріс оқиды деп күтілуде. Жүздесу барысында Ю.Пя елімізде денсаулық саласы бойынша атқарылып жатқан оң істерге тоқталып өтті. Мұндай жарқын істерді жүзеге асыру бағыттары Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында көрініс табады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2014 г. 1 055 0