Абай болыңыздар! 4 облыста дабылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК еліміздің төрт облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.
«5-7 шілдеде Қызылорда, 6-9 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облыстарында 42-45 градус ыстық болады. 6-9 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі. Ал 6-9 шілде күндері Алматы облысының кейбір аудандарында 40 градус ыстық болады деп болжануда», - деп ескертті синоптиктер.