
4 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстікте тұман болады. Республиканың батысында және оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде тұман болады, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болып, күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Күндіз Ақтөбе облысында жел 18 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Кызылорда, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі, Маңғыстау, облысында қатты ыстық кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау облыстарында кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.