Үйлену тойын несиесіз өткізген жастар жұрттың мақтауына ие болды

 Әлеуметтік желіде "несиесіз жасалған" тойдың видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Тойда жас жұбайлар әдемі дастарханды ен далада жайып, қонақтар көңілді би билеп жүр. Видеоны көрген көпшілік жас жұбайлардың тойына тәнті болып, бұрынғы кезді сағынғандарын жарыса жазуда.
"Бұрын солай болатын, ешкім несие туралы білмеген де еді", "500 адам шақырып, гелик жалдайтындардан гөрі жақсырақ", "Керемет, таза ауа", - деп жазған пікір қалдырушылар.
Желі қолданушылары той Қырғызстандағы ауылдардың бірінде өткен деп топшыласа, енді бірі бұл кино түсірілімі деген пікірде. Бүгінде мұндай тойды ешкім жасамайды деп күмән келтіргендер де баршылық.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 шілде 2017 г. 473 0