«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға жарты миллион адам келді

Астана төрінде өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға 20 күнде жарты миллионнан астам адам келген. 29 маусымда кешкі уақытта көрменің бес жүз мыңыншы қонағы тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz.
«ЭКСПО-2017» көрмесінің алғашқы аптасында күнделікті қонақ саны орташа есеппен 22 840 адамды құрады. Ал 29 маусымда келушілер саны 36 мыңнан асты», - деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қоғаммен байланыс департаменті.
Айта кетейік, бұған дейін «ЭКСПО-2017» көрмесіне келетіндер саны 2 миллионға, ал кіріп-шығу көрсеткіші шамамен 5 миллионға жуықтайды деп болжанған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған «ЭКСПО-2017» көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Көрме аясында 3 мыңнан астам мәдени шара ұйымдастырылмақ. Әлемдік деңгейдегі шараға 115 мемлекет пен 21 халықаралық ұйым қатысып жатыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 маусым 2017 г. 481 0