« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаевтың айтуынша ағылшын тілінде білім беруге көшуді 2016 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептері мен қазақ-түрік лицейлері тәжірибесі негізінде алдымен инновациялық 46 мектеп-лицейдің лицей сыныптарына енгізілген.
- Лицей сыныптарының оқу жоспарларына жаратылыстану бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқыту мақсатында аптасына қосымша 4 сағат оқу жүктемесін енгізіп, ағылшын тілін аптасына 3 сағат көлемінде үйірме жұмыстары есебінде қосымша меңгеруді және университет ғалымдарының ғылым бағыттары бойынша дәрістерін тыңдауды қарастырған. Сонымен қатар, КАТЕV халықаралық қорының қолдауымен 2015-2016 оқу жылынан бастап М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде ағылшын тілін меңгерген физика, математика, информатика пәндерінің мұғалімдерін даярлау пилоттық жобасын республикада алғашқы болып енгіздік. Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша колледждің 1-2 курсында 150 студент білім алуда. Колледжді 2018-2019 оқу жылы бітірген алғашқы 75 түлек мектеп-лицейлерде ағылшын тілінде дәріс беретін болады. Бұл тәжірибені бірте-бірте магниттік мектептер ретінде басқа мектептерге тарататын боламыз, - дейді басқарма басшысы.
Айта кетейік, 2019 жылдан бастап жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндердің ішінен оқушының таңдауы бойынша 2 пәні жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытылатын болады. Инновациялық білім беру ұйымдары ағылшын тілін тереңдетіп оқыту есебінен пәндерді ағылшын тілінде оқытуға қиындықсыз өтеді деп күтілуде.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |