Қазақстандықтар 1 шілде күні жұмыс істейтін болады

Осы аптаның сенбісі, яғни 1 шілде жұмыс күні болып бекітілді. Бұл ҚР Премьер-Министрінің демалыс күндерін ауыстыру туралы Қаулысына байланысты орын алып отыр.
"2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Демалыс күндері:
      2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге;
      2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі" – делінген Б. Сағынтаевтың Қаулысында.
Нәтижесінде, қазақстандықтар Астана күніне байланысты 4 күн – 6,7,8,9 күндері демалатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 маусым 2017 г. 1 009 0