Ж

уырда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылында ағаш отырғызу күнін ұйымдастырды.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұстаныммен инспекция ауыл тұрғындарымен, жастар одақтары қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, ауылдық округі аумағында 155 түп ағаш көшеттерін отырғызды.
Атап айтқанда ауылдық округ әкімшілігі ғимараты алдында 5 дана, Ж.Азаматов атындағы орталық алаңға 10 дана, №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектеп ауласында 50 дана, мәдениет үйі ауласына 30 дана, №15 «Нұрбақыт» балабақшасы ауласында 20 дана, әуез мектебі ауласында 15 дана және емхана ауласына 25 дана көшет отырғызды.
Тұқымды көшеттер қатарында үйеңкі, дана айлант, шаған, ақтерек сорттары бар. Отырғызылған көшеттерді Қазақ орман селекциялық орталығының Оңтүстік филиалы тұқымбағынан және «Ыбырайхан LTD» ЖШС мен Сырдария орман шаруашылығы мекемесіне қарасты тұқымбақтардан алынды.
Акцияға 70-ке жуық қызметкерлер мен тұрғындар, жастар атсалысты. Сонымен қатар, акцияға қатысушылар Шіркейлі ауылының орталық көшесі бойындағы арамшөптер мен улы өсімдіктерді отап, арық-атыздарға жиылған тұрмыстық қалдықтарды тазартты.