2013 жылдың үшінші тоқсанында облыстағы жұмыссыздар саны бағалау бойынша 18,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына шаққанда 5,2 пайызды құрайды.
Облыстық статистика департаментінің хабарлаынша, өткен жылдың желтоқсан айының соңына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 1,2 мың адамды құрады. Ол экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызына тең. 2013 жылдың желтоқсанында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (алдын-ала деректер) 110 400 теңгені құрады. 2012 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өсім 5,5 пайыз болды.