
Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов ақпарат агенттіктерінің, республикалық және облыстық телеарналар мен мерзімді басылым тілшілерін кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлады облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Х.Дәуешов әрдайым қуаныш пен қиын кезеңдерді өткізіп, оқиғаларды бірінші біліп, құқықтық сауатты арттыруда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор екенін атап өтті.
Тілшілер әрқашан оқиғалар ортасында болып, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін билікке жеткізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда үлкен үлес қосып келеді.
Сондай-ақ, тұрғындар мен тілшілерге ашықтықты қамтамасыз ету үшін «facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына әрдайым сұрақ қойып немесе өз ұсыныстарын білдіре алатындығын айтты.
Кездесу соңында Х.Дәуешов жемісті еңбектеріне алғыс айтып, кәсіби жетістік тілеп, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.