Жемқорлықсыз қоғам

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сырдария және Жалағаш аудандарында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді қалыптастыру жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды қор заңгері Жанар Алтынбасова мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Нұғман Жақұдаев жүргізіп, Елбасы Жолдауларында бұл мәселеге ерекше басымдық берілгенін атап өтті. Шара барысында таратпа материалдар үйлестіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауаптар берілді.
Осы тектес шаралар алдағы уақытта аудан орталықтарында жалғасын табатын болады.

Мөлдір СНАДИН.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 маусым 2017 г. 461 0