
«28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесіне орай бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мерекелік шара ұйымдастырды.
Оған жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Департамент бастығы Ғанибек Отарбаев мереке иелеріне журналистік шеберліктерінің ұдайы өсіп, оқырмандардың ыстық ықыласына бөлене берулеріне тілектестік білдірді. Пенитенциарлық жүйенің қызметін жария етуде қылмыстық-атқару жүйесінің оң беделін нығайтып, шынайы көзқарасын қалыптастыруда қосқан үлестері үшін «Кызылорда - Таймс» газетінің тілшісі Жакибаева Валентина Оразкановна, «Қазақстан- Қызылорда» телеарнасының аға редакторы Бақыт Қалдыбаева, облыстық «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы Дәуіржан Елубаев, Нұрсұлтан Қазбеков, облыстық «Қызылорда - Ньюс» интернет газетінің бас редакторы Мұрат Жетпісбаев, «Қоғам ТВ» телеканалының шеф-редакторы Баян Култанова, облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Айнагүл Манабаева, «Қоғам ТВ» телеканалының шеф-редакторы Тілеген Бекарыстанов грамоталармен марапаттап, естелік сыйлықтар табысталды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы