Полковник атанған футболшы жайлы кітап шықты

 Полковник атанған футболшы жайлы кітап шықты  Бүгін, 23 қаңтарда қызылордалық белгілі футболшы Әбіл Қалымбетов жайлы жазылған «Пять звезд Полковинка или Жизнь, отданная футболу» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл шара Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың конференция залында өткізілді. 
  Сыр жұртшылығы Ә.Қалымбетов есімін жақсы біледі. Ол 1968-1989 жылдар аралығында табан аудармастан Қызылорданың «Қайсар» командасында ойын көрсетті. Кеңес одағы біріншілігінде 650 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 24 гол соқты. Сондай-ақ, кубок ойындарында 4 мәрте жасыл алаңға шықты. Футболшылық кәсібіне нүкте қойғаннан кейін командада түрлі қызметтер атқарды. Өткен жылдың қаңтар айында өмірден өткен  Ә.Қалымбетов жайында жазылған бұл кітапта туыстары, әріптестері, және достарының естеліктері топтастырылған. Оны қызылордалық спорт журналисі, облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Тимур Қасымов құрастырған. Таралымы – 500 дана. 
Кітаптың тұсакесерінде туысқандары атынан Әйтен Ділманова, достары және әріптестері қатарынан Владимир Толоконников, Ибрагим Нұрпейісов, Ислам Аяпов, Тbмур Қасымов және басқа да азаматтар ой-пікірлерін білдірді.  
 

 Полковник атанған футболшы жайлы кітап шықты

 



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2014 г. 869 0