« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Сырдария ауданы «Жалын» балалар тынығу лагерінің демалушы балалардың қатысуымен өрттің алдын алу барысында «Жас құтқарушы» сайысы өткізілді.
Демалушы балалардан құрылған топтар - «Зерде», «Сұңқар», «Балдырған», «Жас ұлан» 6 бөлімнен тұратын сайысқа қатысып, шеберліктерін көрсетті. Сайыс барысында жас құтқарушылар топтармен танысып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуден, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін уақытқа және дұрыс киюден сайысты. Топ құрамында арқан тартыс және жауынгерлік қанат жаю, өрт сөндіруші мамандығын сезіне отырып, «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сурет салып, мағынасын түсіндірді. Сайыстың соңғы бөлімінде топ капитандары өрт қауіпсіздігі саласындағы білімі мен тапқырлықтарын көрсетті.
Сайыс нәтижесі бойынша 1-ші орынды «Жас ұлан» командасы, 2-ші орынды «Сұңқар» командасы, 3-ші орынды «Зерде» командасы иеленіп, диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар команданың белсенді мүшелері де арнайы дипломдармен марапатталды.
Қызылорда облысы ТЖД
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |