Қызылорда қаласында автобус паркі жасақталуда

Қызылорда қаласында автобус паркі жасақталуда  Қызылорда. Алдағы 12 ақпаннан бастап облыс орталығында үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустар жүре бастайды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген брифингте айтып берді.

  – Қызылорда қаласындағы қоғамдық көлік мәселесін біз жаңа ғана облыс әкімімен бірге талқыладық, – деді қала әкімі сөз басында. – Бүгінгі таңда облыс орталығы тұрғындарына сапалы тасымалдау қызметтерін көрсету үшін автобустық парк құрылуда. Елбасы қоғамдық көліктерді отынның экологиялық таза түріне көшіруді тапсырғанын білесіздер. Біз былтырдан бері осы бағытта мақсатты жұмыстар атқарып жатырмыз. Жалпы,"Қызылорда қаласында автобус паркін жасақтау” жобасы аясында өткен жылдың соңында облыстық бюджеттен 500 млн. теңге қаражат бөлінді.

Қала басшысының айтуынша, біз биылдың өзінде ауаны ластамайтын, экологиялық таза өнім – сұйытылған табиғи газбен 100 автобус алынбақ. Қазіргі таңда оның 20-сы жеткізілді. Жыл соңына қалған 80 автобус әкелінеді. Аталған автобустар 12 ақпаннан бастап жүре бастайды. Заманауи озық құрал-жабыдқтармен жасақталған бұл автобустарды қалалықтар алдымен №17 бағыттан көре алады.  

Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2014 г. 1 306 0