
Қызылордада облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары - 2017» өңірлік көрме-байқауы өткізілді.
Президенттік «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауын ұйымдастырып, өткізу 2015 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген болатын.
Биылғы жылы Сыр өңірінде өткізілген өңірлік байқауға аймақ кәсіпкерлігінің түрлі саласынан 30-ға жуық тауар өндіруші қатысса, ал көрмеге 30-ға жуық тауар өндірушілер қатысты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған басшылар жергілікті тауар өндірушілердің өнімдеріне жоғары бағасын берді.
Байқауға қатысушылардың өнімдерімен танысып, бағалау жұмыстарын жүргізген сарапшылардың бағалауымен Ауданымыздан қатысқан екі тауар өндіруші кәсіпкерлеріміз де олжалы болып жеңімпаз атанды, олар: "Үздік азық-түлік тауарлары" номинациясы бойынша: І дәрежелі дипломмен «Арал тұз» АҚ және "Үздік азық-түлік тауарлары" номинациясы бойынша: IІ дәрежелі дипломмен «Арал СДО» ЖШС марапатталды.
Көрме-байқау жеңімпаздары "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен әзірленген арнайы дипломдарымен, статуэткамен марапатталды. Аталған кәсіпкерлер «Қазақстанның үздік тауары - 2017» республикалық көрме-байқауына қатысуға жолдама алды. Жеңімпаздардан өзге көрме-байқауға қатысушылардың барлығы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің алғыс хатымен марапатталды.