Қызылордада акция ұйымдастырылды

 
 «26  маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен қалалық мәдени және демалыс паркінде нашақорлыққа қарсы акция өтті. Шара барысында жыл көлемінде есірткі мәселесін көтеріп, үздік ақпараттандыру шарасын жүргізген БАҚ, қоғамдық ұйым өкілдері департамент тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Шара концерттік бағдарламаға ұласып, театрландырылған қойылымдар, ән мен би көрермен назарына ұсынылды.
Акцияға Қазақстан эстрада жұлдызы Қуандық Рахым шақырылды. Әнші өзінің өнерін көрсетіп, бұқара қауымды нашақорлықпен ұйымдасқан түрде күресуге шақырды. Кешенді іс-шараға қатысушыларға үгіт-насихат өнімдері таратылды.
Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан шығартылған полиграфиялық үгіт-насихат өнімдері (плакаттар мен үгіт парақтары) қала, аудандарға таратылып, олар халық көп шоғырланатын жерлерге ілінді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 маусым 2017 г. 465 0