Аралда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

Аралда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы қатысып, аудандағы мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтады.
Сондай-ақ, Тәуелсіздікті тұғырлы ету әрбір мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты екенін жеткізіп, халыққа арналған игілікті еңбектеріне жетістік тіледі.
Аталмыш жиында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен О. Мошанов марапатталды.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданып, салтанатты түрде ант қабылдаған жас мамандарға аудан әкімі куәліктерін табыс етті.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп, құрметті зейнет демалысына шыққан ардагерлерге және мемлекеттік қызметшілерге облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.
Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік қызметкерлер аудан әкімінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты рәсім аудандық мәдениет үйінің әзірлеген концерттік бағадарламасымен жалғасты. Аралда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді
Аралда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілдіАралда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді
Аралда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді
Аралда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 маусым 2017 г. 979 0