Облыстық олимпиада өз мәресіне жетті

Облыстық олимпиада өз мәресіне жетті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінде "Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу" бойыша облыстық олимпиада өз мәресіне жетті.
Олимпиада тест түрінде өткізіліп, облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мартана Қонысбекқызы, департамент директорының орынбасары Айнұр Шорабекқызы, департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Гүлназ Өмірзаққызы төрелік етті.
Нәтижесінде І орынды №1 бөлімнің маманы Т.Қараманова, ІІ орынды Шиелі аудандық бөлімінің маманы М.Белгібаева, ІІІ орынды Жалағаш аудандық бөлім маманы С.Елеусінова иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, басқа да қатысушыларға "Алғыс хаттар" ұсынылды. Жеңіпаздарды құттықтай отырып, жұмыстарына табыс, шығармашылықтарына шыңдалу тілейміз.
 
Гүлназ Бадракова.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 маусым 2017 г. 656 0