Қазалыда бүлдіршіндер балабақшамен 100 пайыз қамтылмақ

Қазалыда бүлдіршіндер балабақшамен 100 пайыз қамтылмақ  Қазалы. Бүгінгі таңда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 84 пайызға жетіп отыр. Бұл жайында бізге аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
  Қазалы ауданында былтыр балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 77 пайыз болатын. Жыл ішінде 1 мемлекеттік, 2 жекеменшік балабақша, бір шағын орталық ашылды. Мұнан өзге екі балабақша күрделі жөндеуден өтіп, қосымша 65 бүлдіршінге орын табылды. Қазір ауданда тағы да екі балабақша бой көтеріп келеді. Жеке балабақшалар қатарын көбейтіп, жыл аяғына дейін балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту жоспарлануда.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2014 г. 882 0