
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «ҚазақстанТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ Қызылорда филиалының демеушілігімен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жарыс өткізілді.
Жарысқа қатысушы команда құрамында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша ХҚКО департаменті жастары да бақтарын сынап сайысқа қатысты. Жарысқа барлығы 9 команда қатысып ойын өрнегін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Облыстық ішкі істер департаменті», 2-орынды «Халыққа қызмет көрсету орталығы», 3-орынды «Қазсушар» РМҚК-ны иемденді. Жарысқа қатысқан барлық командалар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Біз өз тарапымыздан жеңімпаз әріптестерімізді құттықтап, алар асулар биік болсын, дейміз!