Мәнерлеп құран оқудан жарыс өтті

Мәнерлеп құран оқудан жарыс өттіҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Құран – мәңгі мұғжиза» атты мәнерлеп құран оқудан жарыс өтті.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған облыстық жарысқа 50-ге жуық шәкірт қатысты.
"Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің” және "Кімде-кім Аллаһтың кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді” делінген хадисте.
Құран Кәрімнің сүрелерін қастерлей білген қатысушылар Құранды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып, сарапшылардың сауалдарына жауап берді.
Нәтижесінде І орынды қалалық «Сұлтан» мешітінің шәкірті Көптілеуұлы Нұрмұхаммед, ІІ орынды қалалық «Қалмұхаммед ишан» мешітінің шәкірті Махашов Серік және «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің шәкірті Әбжалов Азамат алса, ІІІ орынды орталық «Ақмешіт-Сырдария мешітінің шәкірті Бақытжан Ерали мен қалалық «Нұр» мешітінің шәкірті Алмағанбетов Рүстем бөлісті.
Жеңімпаздар мен белсене қатысушы шәкірттерге қаржылай сыйлықтар мен алғыстар табыс етілді.
 
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 маусым 2017 г. 523 0