
Қазақстан еңбекақының орташа мөлшерi бойынша ТМД мемлекеттерiнiң арасында екiншi орында тұр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова халық алдында есеп беру кездесуiнде айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Бiз азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеудiң жаңа моделiн енгiздiк. Оның негiзiнде дәрiгерлердiң еңбекақысы орташа есеппен 18 пайызға, мұғалiмдердiң еңбекақысы 29 пайызға, ал әлеуметтiк саланың басқа қызметкерлерiнiң еңбекақысы 35 пайызға артты. Жалпы бiз еңбекақының орташа мөлшерi бойынша ТМД мемлекеттерiнiң арасында екiншi орындамыз. 124 млрд теңге азаматтарды жұмыспен қамту бағдарламасына жұмсалды. Егер 2011 жылы әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмдерiне 59 мың адам ұсынылып, тiркелген болса, өткен 2016 жылы жұмыспен қамту орталықтары арқылы 200 мыңнан астам азаматқа мемлекеттiк қолдау көрсетiлдi. Бұл республика бойынша жұмысқа орналасқан азаматтардың 10 пайызын қамтиды», - дедi Дүйсенова.
Министрдiң айтуынша, өңiрлерге аз қамтылған азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету үшiн республикалық бюджеттен трансферт түрiнде қосымша 7 млрд астам қаржы бөлiнiп, жұмсалды. Сонымен қатар, 2016 жылы министрлiк қызметкерлерi 4 миллионға жуық Қазақстан азаматына мемлекеттiк қолдау көрсеттi.
«Биылғы жылы әлеуметтiк саланы түбегейлi өзгерiстер күтiп тұр. Мәселен, елдiң еңбек нарығы толығымен жаңғыртылмақ», - деп түйiндедi Тамара Дүйсенова.