
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты семинар - сабақ өткізілді.
Семинар-сабаққа Қызметтің қызметкерлері, Қызылорда қалалық филиалының консультанты «Нұр Отан» М.Төлеқожа және ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша бас маманы Б.Ізкенов қатысты.
Семинар-сабақты Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы азматтық қорғау аға лейтенанты Қ.Шарафадинов ашып, ол «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдарын тыңдаушыларға оқып, алдағы уақытта қызметкерлер арасында сыбайластыққа жол бермеу профилактикалық іс – шараларын жүргізіп тұру туралы түсіндірді.
Іс-шара барысында Б.Ізкенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы статистикалық деректерді, түйсіну индексі және әлемдегі елдердің ілеспе рейтингісін келтірді.
Одан әрі баяндамамен М.Төлеқожа, ол жеке құрамға егер сыбайластық заң бұзушылықтар мен қылмысқа итермеушілік сияқты көріністер орын алған жағдайда қалай әрекет ету туралы тәртібін түсіндірді.
Семинар-сабақты қорытындылай келе азаматтық қорғау қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық-атқару колониясында жазасын өтеп жатқан бұрынғы әскери қызметкерлердің өкінгендері туралы бейнесюжеттер көрсетілді.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі