4 тестілеу пунктінде талапкерлер сыннан өтуде

4 тестілеу пунктінде талапкерлер сыннан өтудеБиылдан бастап мектеп бітірушілер қорытынды мемлекеттік аттестаттауға қатысып, орта білім туралы аттестат алып, жоғары оқу орнына түсуге ниетті талапкерлер жаңа форматтағы ҰБТ сынағынан өтеді.
Облыста ҰБТ маусым айының 20, 21, 22-сі күндері өтеді. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін Қызылорда қаласы, Жаңақорған және Қармақшы аудандарында 4 тестілеу пунктінде талапкерлер сыннан өтуде. Тестілеудің алғашқы күні 6196 мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ тапсыруға ниет білдірген 4194-інен 1603 бала сыннан өтуде.
ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.
Тестілеу кезеңінде ЖОО-на ниетті бітірушілер 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. 
Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минутты құрайды. Шекті балл 50 өзгеріссіз қалды. 
Тесттілеу пункттерінде ата-аналар мен бақылаушылар үшін аранайы LED экраны орнатылған.
https://youtu.be/te7O-mEvjRg сілтемесі арқылы Ютуб видеохостингі арқылы  тікелей эфирде көре аласыздар.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 маусым 2017 г. 802 0