Суретші балалар байқауы

Суретші балалар байқауы«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астанада «Салауатты» болашақ» атты балалар суреті конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурсқа астананың үш мекемесі: балалар үйінің, «SOS балалар ауылының» және арнайы түзету мектеп-интернатының 29 тәрбиеленушісі қатысты. Марапаттау рәсімі «Медикер» медициналық компаниясының көрме павильонында өтті.
Жеті мен он бес жас аралығындағы балалар өздерінің шығармашылық қабілетін көрсетті. Жұмыстар 16–31 мамыр аралығында қабылданды. Олардың барлығы да денсаулық тақырыбына арналған. Суреттерді қазылар алқасының мүшелері әрі конкурсты ұйымдастырғандар – «АЯЛА» қайырымдылық қорының, «Медикер» медициналық компаниясының және Philips компаниясының өкілдері бағалады.
1, 2 және 3 орын алған қатысушыларды Philips компаниясы және «АЯЛА» қайырымдылық қоры бағалы сыйлықтармен марапаттады. Қосымша тағайындалған алты номинация бойынша жүлделерді Philips компаниясы ұсынды. Конкурста жеңбеген балалар да марапатталды, себебі қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, барлық жұмыстар назар аударуға және жүлделі орынға лайық.
«Салауатты болашақ» балалар суреті  конкурсының жеңімпаздары:
1 орын - Ержан Дінислам 
2 орын - Ирина Олейник
3 орын - Любовь Чугаева  
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
Тақырыптың нақты ашылуы - Анатолий Попов
Ең жас суретші - Ержан Қасқырбай
Креативті туынды - Владимир Олейник
Ең жарқын сурет - Ұлан Тасполат
Болашаққа көзқарас - Лана Ыбраева 
Табиғатпен етене - Альбина Нұрбекова
Конкурс жеңімпазы Ержан Дінисламның айтуынша, осындай конкурстарға барынша жиі қатысу қажет. Мұндай конкурстар әлеуетіңді толық көлемде ашуға көмектеседі.
«Марапаттау рәсіміне қатысу – мен үшін зор бақыт. Мен бұл конкурста балалармен танысқаныма және әрбір бала өз дарындылығын көрсете білген осындай қызықты конкурсқа барлық балалардың қатысқанына қуаныштымын», - дейді әсерімен бөліскен конкурс жеңімпазы, арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Ержан Дінислам. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 маусым 2017 г. 1 403 0