
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қарағанды қаласындағы «Спасск» оқу-орталығында өткен ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай ІІІ мәрте ұйымдастырылған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жетті.
Жігерлік пен ептілікті анықтайтын намысты дода да Сыр өңірінің «Айбын» тобы 16 облыстың ішінен 6-шы орынға ие болды.
Жастарымыз 16 кезеңнен құралған сайыста барлығы 4 кубок, 6 алтын, 1 күміс және 1 қолаға қол жеткізді.
Атап айтсақ, топтық сайыста, жалпы есеппен кросс бойынша 1 орын. «Газ тұмшамамен әскери қорғаныстың жиынтығын бүркеме түрінде жалпы кию» жарысы бойынша 1 орын және арқан тартуда алдыңғы орын. Сндай-ақ, роботты техника бойынша «Менің роботым» байқауында І орынды №23 Ж.Қизатов атындағы мектептің оқушысы Абдуллаев Антон ие болды.
Сайыстың жекелеген түрлерінде топ басшысы Қонысбеков Нұрбол газ тұмылдырығын кию бойынша 2-ші орынды алып, күміс медаль иегері атанды. Ал, Қазалы ауданының оқушысы Оңдасын Рейнат АК-74 автоматын 1 минут 23 секунд ішінде шашып-құрастырып, жоғары дәрежеде бал жинап, кеудесіне медаль тақты.
Газ тұмылдырығын кию және әскерилендірілген кросс бойынша Қармақшы ауданының оқушысы Әзілханова Сымбат та қос медаль иегері атанды. Сонымен қатар, қызылордалық «Айбын» командасын жеңісімен құттықтауға арнайы генерал-майор Ә.Ерниязов және Ауған соғысының ардагері полковник Ахмет Жайлыбаев келді.
Ауған соғысының ардагері, генерал-майор Әлімжан Қанағатұлы, «Қазақстанның қай бұрышында жүрсемде, туған жерім Сыр еліне әрдайым жанкүйер болып жүремін. Сіздердің жеңіс тұғырынан көрінгендеріңіз мен үшін үлкен мақтаныш, асқақ абырой! Отанымыздың патриоттары ретінде, әрдайым татулықпен бірлікте болыңыздар», − деп лебізін білдіріп, оқушыларға әкелген сыйлықтарын таратты.
Дәстүрлі түрде өткен ІІІ «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны қатысушы өрендерге ұмтылмас ерекше әсер қалдырғаны сөзсіз!
Ақерке ШАҒЫРБАЕВА. Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің бастығы.