Фаст-фуд тағамдары рак ауруын тудырады
"Еліміздегі фаст-фуд өнімін тұтынушылар жылына 260 млн доллар көлеміндегі қаржыға түрлі ауруларды өз еркімен сатып алуда" деп дабыл қақты журналистер. Дегенмен бұл бұған дейінгі құр айқайдан гөрі, нақты дәйек, деректермен түйінделген, журналистік зерттеу екеніне көз жеткізуге болады, дейді BAQ.kz.
Қазақстан 2013 жылдан бері семіздік жайлаған елдердің қатарына кірген. Оқушылардың 13 пайызы фаст-фуд қолданса, еліміз тұрғындарының 23 пайызы семіз адамдардың қатарын толтырып отыр.