Шартты сотталғандар Байқоңыр ғарыш айлағындағы мұражайда болды

Шартты сотталғандар Байқоңыр ғарыш айлағындағы мұражайда болдыБайқоңыр пробация қызметінде  бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға сотталғандар Байқоңыр қаласы мәдениет үйінің мұражайында болды.
Бұл іс-шара Байқоңыр қаласының халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, Байқоңыр қаласы мәдениет үйінің мұражайы және Байқоңыр қалалық пробация қызметі қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Экскурсанттар Байқоңыр қаласының  даму тарихымен танысып, экспонаттарды, ғарыш кемелері макеттерін, ғарыш дәуірін игеруідің басталуы, кешеннің бастапқы құрылыс кезіндегі тақырыптарды ашатын  экспозяияларды  тамашалады. Бұл экспозициялардың арасында ерекше назар туғызған құтқарушылар киімдері және  ғарышкерлердің азық-түліктері болды. Экскурсанттарға гагарин сөресінен  ракетаның ұшу трансляциясынан бейнеролик  көрсетілді. Мұражай қызметкерлері ғарыш тақырыбында викториналық сұрақтар қойып, сотталғандар жауаптарымен  жақсы дайындықтарын көрсетті . 
Іс шара соңында экскурсанттар  Байқоңыр қаласымен кешенінің бас құрылысшысы Г.Шубниковтың ескерткішінде және 1955 жылдың 5 мамырында Ленинск қаласының бірінші ғимараты тұрғызылған жерде орналасқан  " Бірінші тас”  обелискінде болды. Сотталғандар бұл іс шарадан алған әсерлерімен біразға дейін бөлісіп, көтеріңкі көңілде тарқасты. 
Ұйымдастырылған іс-шара сотталғандардың түзеу жолға тұруында маңызды рөл атқарады. Кезінде қателікке жол берген сотталғандардың өткен өмірдегі оқиғаларын сараптап, алдағы өмірге жаңа көзқараспен қарауға септігін тигізеді. 

Баймурзаев Н.С.
Байқоңыр қалалық ПҚ бөлім бастығы. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 маусым 2017 г. 515 0