
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәжіліс залында «Терроризм мен экстремизм бүгінгі таңдағы әлемдік қасіретке айналды.» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл туралы қорғаныс департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған шараға Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне бағынысты басқарма мен бөлімдердің бастықтары және департаменттің жеке құрамы қатысты.
Әскери қызметшілерден қырағылықпен қатар, жауапкершілікті талап еткен, департамент бастығының бірінші орынбасары полковник М.Сулеев: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 3 сәуірінде бекітілген «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» атты заң шеңберінде бірнеше тапсырмаларға бағыт-бағдар бере отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын соңында әскери қызметшілер қоғамда теріс бағытта орын алған жайттарға да, бірсыпыра тоқталып өтті. Сонымен қатар, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары негізінде, болашақ сарбаздарға дұрыс бағытта - бағдар беру шараларын пысықтады.