«Айбын тобы» - алғашқы сайыста жеңіс тұғырынан көрінді

«Айбын тобы» - алғашқы сайыста жеңіс тұғырынан көріндіҚарағанды облысы «Спасск» оқу- жаттығу орталығында  өткізіліп жатқан халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында Сыр өңірінің «Айбын» командасы алғашқы сайыс кезеңдерінен жүлделі орындарға ие болуда. Бұл туралы Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сайыс шарты 16 кезеңнен тұрады. Топтық әскерилендірілген кросс бойынша «Айбын» тобы І орынды иеленді. Қазалы ауданының оқушысы Оңдасын Рейнат АК-74 автоматын 1 минут 23 секунд ішінде шашып-құрастырып, І орынды иеленді. Газтұмылдырығын кию және әскерилендірілген кросстан жеке Қармақшы ауданының оқушысы  Әзілханова Сымбат жүлделі орынды иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, «Айбын» әскери -патриоттық жастар  жиыны дәстүрлі түрде елімізде үшінші рет ұйымдастырылуда. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай, халықаралық деңгейде өткізілуде. Сайыс шарттарына да өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өңірлер мен оқу-орындарының таныстыру рәсімі, «Білімдар» зияткерлік ойыны, қатысушылардың  өзіндік жетістіктерінің көрмесі, роботты техника бойынша «Менің роботым» байқауы, «Word of tanks» компьютерлік ойыны, сондай-ақ «Айбын дауысы»  мега-арт фестивалі.     «Айбын» жастар жиыны 17 маусымға дейін  созылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 маусым 2017 г. 592 0