
Қала
әкімінің міндетін атқарушы Асылбек Шаменовтың 2017 жылғы 14 маусымдағы №
460 өкімімен Ақарыс Нұрсейітов «Қызылорда қалалық білім бөлімінің
басшысы» қызметіне тағайындалды.
Ақарыс Дүйсенбайұлы, 1982 жылы 30 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Тарих, құқық және экономика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Астана Строй Сервис» ЖШС инженер ретінде бастаған.
2004-2006 жылдары №143 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі;
2006-2012 жылдар аралығында «Бастау и К» ЖШС, «ЖанСтройСервис» ЖШС, «Бастау С» ЖШС түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.
2012 жылдан – 2017 жылдың сәуір айына дейін Ақсуат ауылдық округінің әкімі.
Бүгінгі күнге дейін қала әкімінің кеңесшісі қызметін абыройлы атқарып келді. Отбасылы.
Бұған дейін (2015 - 2017 жылдары) қалалық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған Асқарбек Есжанов басқа қызметке ауысуына байланысты қала әкімінің 7 маусымдағы №456 өкімімен қызметінен босатылып, 14 маусымнан бастап Қызылорда қалалық мәслихатының аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.