
Ислам діні отбасы құндылығына, отбасындағы тұрақтылыққа ерекше мән береді. Сондай-ақ Ислам дініндегі әйел мен ердің міндеттерін де анықтап берген.
Осы бағытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті «Отбасы бақыты – ұлт бақыты» атты семинар ұйымдастырды. Жалпы, осы тақырыптағы семинар орталық мешіт тарапынан бірізділікке қойылып, тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Қатысушы жас отбасылардың саны да артып келеді. Қатысушы жас отбасылар семинардан өмірлеріне қажетті маңызды ғибраттар алуда.
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Сендерді бір адамнан жаратқан да, әрі көңілі жай табуы үшін оған жұбай сыйлаған да Алла» - дейді.
Осыны ұғынған жастар бір-бірін құрметтеу, мейіріммен қарау, кешірімді болу секілді қасиеттердің құндылығын ұғынуда. Аталмыш бағытта алдағы уақытта да шаралар жалғасын табатын болады.