Бүгін, 22 қаңтарда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловты қабылдады. Онда "Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасының өңірімізде жүзеге асырылу барысы туралы сөз болды.
Елбасы тапсырмасына орай елімізде "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының іске қосылғанына көп уақыт болмаса да, оның шапағатын көріп отырған отбасылар саны артып келеді. Облыста да аталған бағдарлама аясында бірқатар шаралар қолға алынды. Жоспар бойынша 2014 жылы "Жалпы санат" бойынша берілетін үйлердің көлемі былтырғыдан аз болмайды. "Жас отбасыларға" арналған тұрғын үй көлемі өткен жылмен салыстырғанда үш немес төрт есеге дейін көбейту де жоспарлануда. Көпшіліктің сұранысына және жергілікті жердің ерекшелігіне орай шағын үйлер салу көзделуде. Бұл облыс әкімінің тапсырмасына орай нақты белгіленетін болады. Қабылдау барысында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайлы да кеңінен айтылды.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.