
EXPO-2017 көрмесін ғарыштан да айқын көруге болады. Халықаралық шара нысандары ғарыштан суретке түсірілді. Бұл туралы еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кадрлар қазақстандық KazEOSat-1 ғарыш аппараты және, «Плеяды» француз компаниясының Airbus DefEnse and Space аппаратымен түсірілген. Олар 2015-2017 жылдар аралығындағы құрылыс барысынан 21 сурет таспалаған.
Сондай-ақ, Қазақстан және француз мамандары бірігіп бейнеролик те жасапты. Онда Сарыарқа төріндегі «EXPO-2017» көрмесінің құрылысы қалай жүргізілгені анық көрінеді.
Айта кетейік, KazEOSat-1 – алғашқы қазақстандық спутник.